Инвестиция – экономикалық даму драйверлерінің бірі
9 млрд долларға жуық. Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының сарапшылары биылғы жылы ел экономикасына тартылған шетелдік инвестициялардың жиынтық көлемі осындай. Институттың бас ғылыми қызметкері Вячеслав Додоновтың айтуынша, республикада қолайлы инвестициялық климат қалыптасқан – шетелдік инвесторлар үшін белгілі бір преференциялар, салықтық жеңілдіктер және құқықтарын заңнамалық негізде қорғау қарастырылған. Шетелдік іскерлер үшін әлі де өнеркәсіптің өндіруші бағыты қызықты, дейді сарапшы. Алайда Қазақстан шикізат емес салаларда да бәсекелесе алады. Атап айтқанда, ақпараттық технологиялар секторы, фармацевтика, көлік және логистика, мұнай-химия секторындағы жобалар инвестиция құю үшін тартымды. Бүгінгі күні республикамыз бірнеше көрсеткіш бойынша алдынғы қатарда екенін атап өткен жөн. Мысалы, жан басына шаққандағы инвестициялық ағындар бойынша Қазақстан ТМД-да ғана емес, әлемде бірінші орында. Негізгі түсімдер Нидерланд, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Қытай және Ресей елдерінен екенін атап өткен жөн.