ЕАДБ Қазақстанға тартылған инвестициялар қарқынын арттыруда

ЕАДБ Қазақстанға тартылған инвестициялар қарқынын арттыруда

Қазақстан Еуразиялық даму банкінен инвестиция тарту көлемі бойынша көш бастап тұр. Бұл бағыта 2022-2026 жылдарға арналған стратегияның алғашқы 2 жылының қорытындысы бойынша құйылған қаржы жоспардан 70% ұлғайып, 2,2 млрд доллардан  асуы мүмкін. Бұл туралы еліміздің Премьер-Министрі мен қаржы институтының басқарма төрағасының кездесуі барысында белгілі болды. Дәл қазір аталмыш банк халықаралық серіктестермен бірлесіп, Алматы әуежайын жаңғыртуды қаржыландыруда. Оған қоса «Аягөз – Бақты» темір жол желісі және Қазақстан-Қытай шекарасында жаңа бекет салуға қатысты бірлескен жобалардың әлеуеті жоғары. Жаңа инфрақұрылым жүк айналымын жылына 20 млн тоннаға арттыруға мүмкіндік бермек. Бұған қоса халықаралық ұйым «Астрахан – Маңғышлақ» магистральдық су құбырын кеңейту жобасына да ат салысуға ниетті. Николай Подгузов Қазақстан қаржы институтынан тартылған инвестициялар көлемі бойынша көш бастап тұрғанын атап өтті. Бүгінге дейін  Түрлі салаларда жалпы құны 5,6 млрд доллардың жүзден астам жоба іске асты.