Қазақстандағы жерліктік туризм бір жылда 10% өсті
Ішкі туризм экономика дамуының драйверіне айналуда. Қазақстандықтар шетелдік жағажайлардан гөрі еліміздегі демалыс орындарына басымдық беріп келеді. Нәтижесінде сала да өсім көрсете бастады. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіштер 10,5% ұлғайып, шамамен 930 мың жерлесіміз туған жеріндегі демалыс түрін таңдаған екен. Бұл деректерді ranking.kz ақпараттық порталы келтіріп отыр.
Туристердің көп келуіне қарамастан, қазақстандық қонақүйлер мен туристік орталықтардағы қонақүйлерде орынның жетіспеушілігі байқалмайды. Сонымен қатар өңірлердегі төсек-орындарының орташа бағасы 8-8,5 мың теңгеге дейін өсті. Ең қымбат қонақүйлер Маңғыстау облысы, Алматы және Нұр-Сұлтанда тіркелген. Мұнда бір тәулікке бір төсек-орын үшін 11,5-12 мың қаражат төлеу қажет. Ең арзан қонақ үйлер Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында.