Қазақстанның экспорт көлемі ұлғайды

Қазақстанның экспорт көлемі ұлғайды

Қазақстанның әлем елдерімен алыс-беріс көлемі еселенді. Халықаралық тауар айналымы 7,4% өсіп, 53 млрд долларды құраған. Соның ішінде экспорт көлемі ұлғайған. Жыл басынан бері Қазақстан шетелге жалпы көлемі 32 млрд доллардың өнімдерін жеткізген. Оның басым бөлігі Қытай еліне тиесілі. ҚХР-ға алғашқы жарты жылда жиыны 5,5 млрд доллардың тауарлары сатылыпты. Ал біздің нарыққа шеттен түсетін өнім түрлері көбіне Ресейде өндіріледі. Көрші ел биыл 9 млрд долларға жуық тауар жіберген.

Айта кетейік, соңғы жылдары Ресеймен арадағы тауар айналымы артып, биыл бұл көрсеткіш 12 млрд долларға жеткен. Сондай-ақ Италиямен де өзара сауда-саттықта өсім байқалады.