Мұнай рекордтық жағдайда қымбаттады
Мұнайдың
бағасы тағы қымбаттады. «Қара алтынның» құны соңғы 4 айда
рекордтық мешеге жетті. Осылайша, Brent маркалы мұнай Лондон
қор биржасындағы сауда деректері бойынша барреліне 87 доллардан астамға сатылып жатыр. Ал, Нью-Йорк тауар биржасында WTI маркалы мұнай барреліне
84 доллардан сәл жоғары саудалануда. Бұған дейін
мамандар мұнай бағасының көтерілу себебін айтқан болатын. Сарапшылардың пікірінше,
бағаның өсуіне АҚШ-тағы «қара алтын»
қорының азаюы себеп болған.