Қытай қазақстандық импорт үлесін ұлғайтуға ниетті

Қытай қазақстандық импорт үлесін ұлғайтуға ниетті

Қазақстан Қытайға экспорт үлесін арттыруы мүмкін. Аспан асты елі отандық ауыл шаруашылығы өнімдеріне, сонымен қатар энергетикаға қызығушылық танытып отыр. Еліміз Қытайға мұнай, мыс, табиғи газ, сондай-ақ бейорганикалық химиялық өнімдер, ферроқорытпалар, уран және күнбағыс майын жеткізеді. Ал елімізге құрал-жабдықтар, автокөліктер, қара металл бұйымдары, дөңгелектер, жол және құрылыс техникалары импортталды.

Еске сала кетейік, Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара сауда 2022 жылы 24 миллиард долларға жеткен. Тараптар 2030 жылға қарай тауар айналым көлемін АҚШ валютасында 35 миллиардқа жеткізуді жоспарлап отыр.