«Қазақстан халқына» қорына 252 млрд теңге түскен
Үш жыл ішінде «Қазақстан халқына» қорына 252 миллиард
теңге түскен. Оның 186 миллиард теңгесі қайырымдылыққа жұмсалған. Бұл туралы
қордың басқарма төрағасы Болат Жәмішев айтты. Көмек қаржының дені ауылдық білім
беру, денсаулық сақтау, оңалту, әлеуметтік қолдау, мәдениет, балалар және
инклюзивті спортты дамыту ісіне бөлінген. Төтенше жағдайлар кезінде көмек
көрсету мен халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға да арналған бағдарламалар
бар. Бас-аяғы 104 жоба. Оның 62-сі тиісті қаражатты алып үлгерді. Қалғаны
комиссия қарауында.

