Атом электр станциясы – таза қуат көзі

Атом электр станциясы – таза қуат көзі

Қазақстанның атом электр станциясын салуға барлық әлеуеті жетеді. Шетелдік сарапшылардың айтуы бойынша,  бұрын елде ядролық реактор болғандықтан, тәжірибе де жеткілікті. Дүние жүзінде 25 ел 2050 жылға қарай әлемдік атом энергиясын өндіру көлемін үш есеге арттыруы тиіс. Бұл мемлекеттердің арасында Моңғолия мен Өзбекстан да бар. Ал, Біріккен Араб Әмірліктері, Египет, Түркия сияқты дамыған елдер атом энергетикасының қазір қызығын көріп отыр.

Ричард Оллингтон, RADIANT ENERGY GROUP серіктесі: 

– Қазақстанға таза электр энергиясы қажет. Әлем бойынша атом энергиясы электр энергиясын өндіру көлемін жылдам ұлғайту үшін ең тиімді және дәлелденген көз ретінде қарастырылады. Реакторларды іске қосу үшін 10 жыл немесе одан да көп уақыт қажет, бірақ олар жұмыс істей бастағанда, басқа бір де бір электр көзі атом электр станциясының қарқынымен бәсекелесе алмайды.