Қарағанды облысында көмір химия зауыты салынады
Қарағанды облысында көмірден газ өндіретін көмір химия зауыты салынады.
Жобаның жай-жапсарын Премьер-министр Олжас Бектенов Shandong Energy Group компаниясының
басшысы Ли Вэймен талқылады. Нысан жылына 2 млрд текше метр газ өндіреді. 1
жарым мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Өндіріс Қазақстанның көмір-химия саласының дамуына
серпін қосады. Сондай-ақ, экономиканы әртараптандырып, жаңа технологияларды
дамытып, еліміздің экспорттық әлеуетін күшейтуі тиіс.

