Қазақстан отандық балық өнімдерін Франция және Швейцарияға экспорттамақ

Қазақстан отандық балық өнімдерін Франция және Швейцарияға экспорттамақ

Атап айтқанда, отандық балық өнімдері Франция және Швейцарияға экспортталмақ. Қазіргі уақытта тиісті коммерциялық уағдаластықтар да бар.

Айта кетейік, өткен жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық балықтың ЕО елдеріне экспорты 1,5 есеге артып, шамамен 9 мың тоннаны құрады. Негізгі тұтынушылар Польша, Словакия, Чехия, Нидерланд, Литва, Латвия, Дания, Австрия және Германия  болды. Сондай-ақ еліміз еуропалық нарыққа бал, жылқы еті, сиыр еті мен сүт өнімдерін жеткізе алады. Қазақстанның сыртқы саудасының шамамен 30%-і ЕО-ның үлесіне  тиесілі. 2022 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің тауар айналымы миллиард доллаға жуықтады.