Қазақстан мен Қытай ұлттық валютада есеп айырысуды кеңейтеді

Қазақстан мен Қытай ұлттық валютада  есеп айырысуды кеңейтеді. Бұл туралы «Қытай-Орталық Азия» форматында өткен сыртқы істер министрлерінің кездесуінде  аспан асты елінің сыртқы саяси ведомствосының басшысы Ван И мәлімдеді. Ол Қытай тарапының «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясында аймақ елдерімен ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екенін атап өтті. Сонымен қатар, Ван И тараптар жүргізген келіссөздер қорытындысы бойынша, Қытай-Еуропа бағытының қауіпсіз және тұрақты жұмысын қамтамасыз етуді, кедендік рәсімдерді жеңілдетуге ықпал етуді, жүк тасымалдау үшін жасыл дәліздерді оңтайландыруды, рейстерді қалпына келтіруді жеделдетуді жоспарлап отырғанын, аймақтағы жеткізу тізбегінің тұтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Ван И,  ҚХР сыртқы істер министрі:

–  Бірлескен мәлімдемеде Қытай мен Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы істер министрлері кездесудің нәтижелерін жан-жақты қорытындылап, түрлі салалардағы практикалық ынтымақтастықты тереңдету бойынша нақты ұсыныстарды қарастырды. Жол картасы Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықтың кешенді іс-қимыл жоспары мен кестесіне бағытталады. Қытай тарапы күшті қоғамдастық құру мүддесі үшін Орталық Азиядағы әріптестермен өзара сенім мен ынтымақтастықты үздіксіз тереңдетеді.

Мұхтар Тілеуберді, ҚР Сыртқы істем министрі:

– Бүгінгі кездесу, сонымен қатар диалогтың қорытындылары өзара тиімді жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін берік негіз қалайды. Сонымен қатар өңірімізді тұрақты даму және үйлесімділік, бейбітшілік, достық пен өзара көмек кеңістігіне айналдыруға ықпал ететініне сенімдіміз.

Мұхтар Тілеуберді «Орталық Азия – Қытай» Сыртқы істер министрлерінің кездесуін құру туралы бастаманы Қытай тарапы 2020 жылы ұсынды деп атап өтті. Екі жыл ішінде ынтымақтастықтың бұл форматы тиімді және болашағы зор екенін көрсетті. Өз кезегінде бұл тараптардың көздеген межені бағындыруына сеп болмақ.