«KAZZINC» отандық өнім көлемін арттырады

«KAZZINC» отандық өнім көлемін арттырады

«ҚазЦИНК» еліміздің шағын және орта бизнес өкілдерімен әріпстестікті нығайтып жатыр. Осы орайда компания отандық тауарлар мен қызметтерді сатып алудағы үлесін арттыруда. Ірі тау-кен металлургия кәсіпорнының делегациясы Қарағанды өңіріндегі өндіріс ошақтарын аралап, қуаттылығымен танысты. Сапардың қорытындылай келе компания басшылығы облыс әкімдігімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.