Қазақстан – Финляндия бизнес форумы өтті
Финляндия Қазақстанда өсімдік және мал шаруашылығы
өнімдерін терең өңдейтін кәсіпорын салуы мүмкін. Бұл туралы екі елдің бизнес
форумында айтылды. Қазақстан агрономдардың жаңа буынын даярлауға және ауыл
шаруашылығының инновациялық, орнықты әдістерін енгізуге мүдделі. Соған орай
академиялық алмасуды жандандырмақ. Erasmus+ бағдарламасы аясында Қазақ ұлттық
аграрлық зерттеу университеті мен Шығыс Финляндия университеті серіктестік
орнатты. Жалпы Александр Стуббтың елімізге ресми сапары аясында 15 құжатқа қол
қойылды.

