Қазақстанда полипропилен өндіретін біріккен газ-химия кешені пайда болады

Қазақстанда полипропилен өндіретін біріккен газ-химия кешені пайда болады

Қазақстанда полипропилен өндіретін біріккен газ-химия кешені жақында қолданысқа берілмек. Жылына кешен 500 мың тонна өнім өндіреді деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ, ілкімді жоба көмірсутектердің одан да терең өңделуін жүзеге асыруға мүмкіндік бермек. Әлемдік аренада полимер өндіретін және сататын жаңа өндірушінің пайда болуы, бірінші кезекте, тұтынушыларға тікелей әсерін тигізеді. Өйткені, шикізат жеткізушілер ауысып, қосымша марка түрлері пайда болады, сонымен қатар, жеткізудің баламалы жолдары ашылмақ. Қазіргі таңда бұл нысанның жұмысы  100%-ке жуық орындалған. Кешен аумағында негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды, аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.