Қазақстанның Өзбекстанмен тауар айналымы 5%-ке өсті

Қазақстанның Өзбекстанмен тауар айналымы 5%-ке өсті

Өзара сауда көлемінің басым бөлігі біздің елден жеткізілген тауарлар. Жыл басынан бері экспорт көлемі 821 млн долларға, ал импорт АҚШ валютасында 249 млн-ға жуық өсті. Осы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстаннан Өзбекстанға бидай мен меслин, сонымен қатар тыңайтқыштар, тот баспайтын болаттан жасалған прокат, бидай ұны, май жеткізілді. Ал, көрші елден трикотаж заттар, көліктердің қосалқы бөлшектері, тоңазытқыштар мен мұздатқыштар, жалпақ прокат импортталды.  Өзбекстаннан Қазақстанға келген тікелей инвестицияның жалпы ағынына келетін болсақ, 2022 жылы ол 42 млнн доллардан асты.