SPK Turkistan индустриалды паркіндегі өнеркәсіп көрмесі

SPK Turkistan индустриалды паркіндегі өнеркәсіп көрмесі

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов өнеркәсіп көрмесін аралады. Қазіргі таңда SPK Turkistan индустриалды паркінде жалпы құны 36,5 миллиард теңгеге 6 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Жаңбырлатып және тамшылатып суару жүйелері, ауыл шаруашылығы тракторлары, білім мен медицина мекемелеріне арналған жиһаздар, есіктер және тоңазытқыштар өндірісі бар. Мәртебелі мейман Қазақстанның ғарыш саласында, машина жасау, металлургия, құрылыс индустриясы, жеңіл, тамақ және химия өнеркәсібіндегі жетістіктерімен танысты.