АЭС – экологияға да, экономикаға да пайдалы
Атом энергетикасы – алдыңғы қатарлы елдердің
экономикасында негізгі драйвер саналады. Өйткені, ол эконмикаға да, экологияға
да өте тиімді. Сол себепті де АЭС-і бар елдердің асығы алшысынан түсіп тұр
қазір. Ал, біздің қоғам атомның атын естісе болды, ат-тонын ала қашады. Неге?
Елдің
экономикасы өсіп, электр энергиясына сұраныс жыл сайын артуда. Тіпті алдағы
15-20 жылда шам жағып күнелтіп кетуіміз әбден мүмкін. Энергия тапшылығы тек
Қазақстанға ғана емес, бүкіл әлемге қауіп төндіріп тұр. Сондықтан, ғалымдар
энергия өндірудің түрлі әдіс-тәсілін ойлап табуда. Күн, жел мен су арқылы жарық
алатын құрылғылар көбейді.

