Қазақстан мен Түрікменстан көлік және әуе байланысын жандандырады

Қазақстан мен Түрікменстан көлік және әуе байланысын жандандырады

Қазақстан мен Түрікменстан көлік байланысын жандандырады. Ол үшін Жаңаөзен қаласынан шекараға дейін 156 шақырымдық жол төселеді. Дәл солай Түрікменбасы қаласынан шекараға дейін 109 шақырымдық күре жол салынады. Бұл жұмыстар 2026 жылға дейін аяқталуы тиіс. Осылайша қос елдің жүргізушілері бір елден екіншісіне тегіс жолмен қатынауға мүмкіндік алады. Бұдан бөлек тараптар жүк тасымалын тежейтін басы артық құжаттарды алып тастауға келісті. SilkWay арнасына берген сұхбатында Көлік министрі Марат Қарабаев Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы әуе рейстері жанданатынын да айтты.

Еске салайық, екі ел арасындағы рейстер пандемиядан кейін жолаушы аздығына байланысты жабылып қалған.   

Марат Қарабаев, ҚР Көлік министрі:

– Қазір Түрікменстан-Токио рейсіне қатысты мәселені қарап жатыр. Сондай-ақ, оларда Бейжіңге рейс бар. Біз осы ұшақтың Алматы аумағына қону мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Барлығы жүктемеге байланысты. Біз Түрікмен әуе компанияларына бар мүмкіндікті ұсынамыз. Енді түрікмен тарапының нақты шешімін күтеміз. Бұған дейін Қазақстан мен Түрікменстан арасында тікелей әуе рейсі коронавирус пандемиясына дейін жүзеге асып келген. Алайда жолаушы санының аздығына байланысты тоқтаған.