2 айда 1 млрд доллар: Қазақстан Түркияға экспортты көбейтті
1 млрд доллар – бұл қаңтар-ақпан айында Қазақстан мен
Түркия арасында жасалған сауда көлемі. 2025 жылдың сәйкес кезеңімен
салыстырғанда 45 пайызға өскен. Оның басым үлесі Қазақстан экспортына тиесілі.
Яғни, 916 млн доллар Қазақстан экономикасына түскен. Экспорттың негізгі бөлігін
мұнай мен мыс құрайды. Сондай-ақ, өңделмеген алюминий, мырыш, электр
қозғалтқыштары мен өнеркәсіптік жабдықтар Түркия нарығына көптеп шығарылып
жатыр. Демек, Қазақстан Түркияны шикізатпен ғана емес, технологиялық өнімдермен
де қамтамасыз етіп отыр. Ал Түркиядан Қазақстанға келетін тауар көлемі шамамен
210 млн долларды құрайды. Импорттың басым бөлігі – дәрі-дәрмек, азық-түлік,
тоқыма өнімдері, техника және өндірістік құрал-жабдықтар. Жалпы, былтыр екі ел
арасындағы сауда айналымы 5,5 млрд долларға жуықтады. Енді бұл көрсеткішті 15
млрд долларға жеткізу жоспарланып отыр.

