Қазақстан мен Иран Каспий арқылы жүктерді жеткізу бағыттарын бірлесіп құруға ниетті

Қазақстан Иран арқылы теңізге отандық экспортқа тікелей жол ашпақ. Қазір тараптар Каспий арқылы Амирабад портына жүк жеткізу бағытын талқылап жатыр. Жаңа дәліз сыртқы нарықтарға бағдарланған жергілікті кәсіпкерлерге бұрын-соңды болмаған мүмкіндіктер туғызбақ. Осының нәтижесінде, Ислам Республикасын 2-3 күнде-ақ еңсеріп, төл өнімдерін Парсы шығанағы елдеріне жеткізуге болады. Осы орайда Біріккен Араб Әмірліктерінің өнеркәсіптік және логистикалық операторымен бірлескен кәсіпорын құрудың әлеуеті сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мен  Парсы шығанағының жетекші кеме басқарушы компания басшысы Давуд Тафтимен кездесуде талқыланды.


Яғни Иран қазақстандық өнімді Амирабад, Бендер-Аббас, Бендер-Хомейни, Чабахар порттарына ғана емес, БАӘ, Үндістан, Пәкістан, Қиыр Шығыс және Африканың шығыс жағалауларына тасымалдауға тікелей жол  құрылады. Бұл елдерге жүктер Маңғыстау өңірінің Құрық және Әмірліктердегі Джабал-ата базалық порттары арқылы жөнелтілмек. Олар қажетті инфрақұрылым және техникамен қамтамасыз етіледі.

 

Айбек Сағынаев, «Qaztraid» сауда саясаты орталығы директорының орынбасары:

- Қазір еліміздің Иранмен тауар айналымы 500 млн доллардан асып жығылады. Бұл нарықтың әлеуеті үлкен, сондықтан бұл көлемді әлі де бірнеше есе арттыра аламыз. Біріккен Араб Әмірліктеріне келер болсақ, олар біздің Парсы шығанағындағы негізгі сауда серіктесіміз. Яғни, 2022 жылдың қорытындысы бойынша өзара алыс-беріс 600 млн доллардан асты. Бұл ретте қазақстандық экспорттың үлесі басым, шамамен жарты млрд долларды құрады. Бұл меженіде арттыруға болады.