Елімізде жаңа құс фабрикалары, жылыжайлар мен сүт фермалары іске қосылады

Биыл Қазақстанда жаңа құс фабрикалары, жылыжайлар мен сүт фермалары іске қосылады. Үкімет азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жаңа шаралар пакетін әзірледі, деп хабарлайды  Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Биыл агроөнеркәсіптік кешенде 285 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар олардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы өнімдерін импортпен алмастыруға бағытталған. Жалпы жыл басынан бері 4 сүт фермасы, 2 құс фабрикасы және 1 жеміс-жидек сақтау қоймасы іске қосылған. Әрине, бұл тек бастамасы ғана. Қазіргі таңда ет, жеміс-жидек, көкөніс, қант, дәнді дақылдар, майлы дақылдар, сүт өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша 7 ірі экожүйені қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар 2021 жылға арналған Жол картасы аясында отандық нарықты алмамен 80%, балық және құс етімен 75%, ірімшіктер мен сүзбе 70% қамтамасыз ету көрсеткіштеріне қол жеткізу жоспарланып отыр.

Авторы: Әсел Күшенғалиева