Атырау мұнай өңдеу зауыты жаңа жобаларын таныстырды
Атырау мұнай өңдеу зауыты жаңа жобаларын таныстырды. Яғни, экологиялық апатты алдын алу, әрі қоршаған ортаны зиянды қалдықтардан тазарту бағытында әзірленген жобаның тиімді тұстары көп. Осы орайда компания ашық есік күнін өткізіп, табиғат жанашырлары мен қоғам белсенділері және БАҚ-ның басын қосты.
Атырау мұнай өңдеу зауытында бас аяғы 2000-нан аса маман 4 ауысыммен жұмыс істейді. Зауыт жыл сайын жаңа замануи қондырылғыларды іске қосып, қолданысқа енгізуде. Негізгі басымдықты экологиялық бағытқа қойған. Соның бірі - табиғатты қорғау қызметінің нәтижелері мен болашақ жобалары болды.
Ашық есік күнінде қоғам белсенділері мен табиғат жанашырлары зауыттағы ірі қондырғылардың жұмыс процесімен танысты. Автоматтандырылған жүйелерді сондай-ақ механикалық тазарту қондырғыларына барып, ағынды суларды тазарту жұмысын көрді.
Еркін Сүлейменов, АМӨЗ Экология бойынша департаментінің директоры:
– Алдағы жобалардың бірі – мына ағынды суды тазалау болып табылады. Онда біз шығып жатқан судың 50%-ын қайта өндіріске қабылдаймыз. Сосын соны қолданамыз. Сол арқылы мына Жайықтан алып жатқан суымыз 50%-ға азаяды. Ол негізі экологияға арналған. Ағымды судың құрамындағы мұнай өнімдерін азайтады.