Қазақстанда мұнай-газ-химия салаларында 20 ірі жоба іске асады

Қазақстанда мұнай-газ-химия салаларында  20 ірі жоба іске асады

ҚР Үкіметі ірі мұнай-газ және мұнай-газ-химия жобаларын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті. Оның аясында мұнай-газ, мұнай-газ өңдеу, сондай-ақ мұнай-газ-химия салаларында 20 маңызды жобаны жүзеге асыру көзделген. Бұл жобаларға 37 млрд доллардан астам инвестиция тарту межеленіп отыр. Сондай-ақ,  геологиялық барлау  және кен орындарын игеру аясында инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 10 млрд долларды  құрайтын 7 жоба іске асады. Нәтижесінде 2027 жылға қарай елдегі кеніштерде мұнай өндіру көлемін 105 жарым млн тоннаға және газ өндіру деңгейін 82 млрд текше метррге дейін арттыру жоспарланған.