Қазба байлықтарды өндіруге инвесторлар тартылды

Қазба байлықтарды өндіруге инвесторлар тартылды

Қазақстанға тартылған шетелдік инвестициялардың басым бөлігі тау-кен және металлургия саласына бағытталған. Қаржының көлемі 3,6 млрд долларға жеткен. Былтыр жалпы өндіріс көлемі 29 млрд доллардан асса, оның 21 млрд доллары экспортқа шығарылған. Еліміздің қазба байлығына Оңтүстік-Шығыс Азия , Таяу Шығыс , Парсы шығанағы, Еуропа, тіпті мұхиттың ар жағындағы Америка да қызығып отыр.