Ақтауда жастарға арналған форум өтті
«Маңғыстаудың ІТ hub» орталығының белсенді резиденттері түрлі әлеуметтік жобаларды іске асырып жатыр. Белсенді жастар жуырда мекеме қызметкерлерінің денсаулығын күнделікті бақылайтын аппарат жасап шығарған. Қазір аталған жоба аймақтағы 2 компанияда тесттік режимде жұмыс жасап тұр. Жалпы мұнайлы аймақта айтиге қызығатын жастар көбейген. Ақтауда «Жастар – жарқын істердің бастаушысы» атты форум өтті. Онда жастардың тәрбиесі, тәртібі, техно сауатты болуы, жасанды интелект, ChatGPT бағдарламаларын қолдану мәселелері талқыланды. Форумда спикерлер жастарды білімге ұмтылу керектігін айтып, жан-жақты болу қажеттігін жеткізді. Әсіресе технология қарыштап дамып жатқан заманда жаңа технологияларды меңгеріп жасанды интелекттің маңызы туралы сөз қозғалды.
Тимур Бектұр, IT-сарапшы:
– Форумға қатысушы жастар ертеңгі жұмысшы жастар. Бұл жастардың реалы, яғни ең бірінші кездесетін дүниесі бұл жасанды интелект болады. Яғни жұмыс орынға барған кезде еңбек нарығына барған кезде олар жасанды интелектпен бетпе-бет келеді. Тиісінше ол өзінің еңбек өнімділігін арттыру үшін және өзінің технологиялық дамуын одан әрі жоғарлату үшін міндетті түрде технологияны меңгеру қажет болады. Өйткені егер жақсы мансапты қаласа адам баласы, егер жақсы жалақыны қаласа және жақсы жерде жұмыс істегісі келсе технологиялы меңгеру керек. Оның ішінде жасанды интелект бүгінгі күннің шындығы.

