Қазақстанда ірі инвестициялық жобалар іске асырылуда

Қазақстанда ірі инвестициялық жобалар іске асырылуда

Қазақстан Үкіметінде бірқатар ірі инвестициялық жобаларды іске асыру барысы талқыланды. Ел премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында республиканың көлік-транзиттік әлеуетін едәуір арттыруға мүмкіндік беретін «Бақты-Аягөз» теміржолының құрылысы қаралды. Сонымен қатар қатысушылар француз компаниясымен бірлесіп, Алматы облысында агро-процессинг логистикалық хабын салу мәселелерін  де сөз етті. «G4 City» жобасын іске асыру аясында жаңа піскен жемістер мен көкөністерді, ет, балық және сүт өнімдерін сату бойынша заманауи форматтағы әртараптандырылған орталық ашу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек отырыста «Қашаған» кен орнында газ өңдеу зауытын салудың өзекті мәселелері талқыланды. Кәсіпорын жылына кемінде 700 млн текше метр газ өндіре алады.