«Құрық» портына 30 млн доллар инвестиция бөлінеді
Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанның «Құрық» портына 30 млн доллар инвестиция бөлді. Қаражат теңіз жағалауында жаңа астық терминалын салуға жұмсалмақ. Бұл туралы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұров айтты. Ал жалпы жобаның құны 50 млн доллар, оның қалған бөлігі жергілікті компания тарапынан тартылған. Құрылыс екі кезең бойынша жүргізіледі. Алғашқысы келер жылы аяқталады екен. Осының нәтижесінде тауар тасымалдау қуаттылығы 1 жарым млн тоннаға дейін жеткізіледі.

