2023 жылы Алматы облысына 705 млрд теңгеден астам шетелдік инвестиция тартылды

2023 жылы Алматы облысына 705 млрд теңгеден астам шетелдік инвестиция тартылды

Алматы облысы сырттан капитал тарту саясатын белсенді түрде жүргізіп келеді. Былтыр өңірге 705 млрд теңгеден астам жиырмаға тарта инвестициялық жобаны жүзеге асыруға бағытталды.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сай, Алматы өңіріне сырттан инвестициялық ағынның артуына арнайы экономикалық аймақтардың құрылуы, инвесторлар үшін лицензиялау мен тіркеу рәсімдерін оңтайландыру және салықтық жеңілдіктердің енгізілуі ықпал еткен.

Алматы облысы өзінің қаржы секторын белсенді дамытып келеді. Мәселен, өңір Орталық Азиядағы қаржылық технологиялар хабына айналып, көптеген компанияларға стартаптар құруға және сандық платформаларды дамытуға жол ашып отыр. Өндірістік инфрақұрылымды дамыту және негізгі капиталға инвестициялар тарту мақсатында «Алатау» АЭА аумағы үш есеге кеңейтілді.

Бүгінде жалпы ауданы 1400 Га жуық 4 индустриалды аймақ құрылды. Өз кезегінде бұл өңірдің инвестициялық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.