Қазақстан мен Румыния инвестицияларды қолдау жөніндегі жұмыс тобын құрады

Қазақстан мен Румыния инвестицияларды қолдау жөніндегі жұмыс тобын құрады

Қазақстан мен Румыния өзара энергетика саласында инвестицияларды қолдау жөніндегі жұмыс тобын құруға ниетті. Ол осы бағытта ынтымақтастықты одан әрі арттыру үшін жаңа қолдау тетіктерін әзірлейтін болады. 

 

Бұл ретте бірқатар румындық компания Қазақстанмен мұнай-газ секторы үшін қажетті құрал-жабдықтар мен жинақтаушы бұйымдар жеткізу қамында әріптестік орнатуда қызығушылық танытуда. Сонымен қатар, тараптар химия және металлургия салаларында байланысты дамытуға уағдаласты. Румыния мен Қазақстандағы жаңартылатын энергия жобалары бойынша аукциондарға қатысатын елдердің компанияларын ынталандыруға келісті. 

 

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, былтыр қос мемлекет арасындағы тауар айналымы  3 млрд долларға жуықтаған. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,5% артық. Қазақстандық экспорт 10% ұлғайып, 2.8 млрд долларға жетті. 

 

Румынияда қазақстандық капиталдың қатысуымен энергетика, сауда, жиһаз өндірісі, киім және аяқ киім, сондай-ақ дәрі-дәрмек өндірісі салаларында жұмыс істейтін 49 компания бар. Өз кезегінде ел  аумағында 28 бірлескен қазақстандық-румындық кәсіпорын тіркелген. Олар негізінен мұнай-газ секторымен айналысады.