Қазақстанда қашықтан жұмыс істеуге арналған бос орындар 2% өсті
Қазақстанда қатаң карантин шаралары жеңілдегенімен, елде «қашықтан» жұмыс істеуге сұраныс артып келеді. Бұған ресми мәліметтер дәлел бола алады.
Сарапшылардың пікірінше, бірінші кезекте жұмыстың мұндай форматына өмірдің барлық салаларын цифрландыру себеп болып отыр. Өз кезегінде пандемия бұл үрдісті одан әрі жеделдете түсті. Сонымен, қашықтан жұмыс істеу одан әрі перспективалы әрі тартымды бола түскен.
ДАНА ҚАСЫМОВА, HEADHUNTER ҚАЗАҚСТАННЫҢ PR МЕНЕДЖЕРІ:
- Жалпы, егер 2020 жылға қарайтын болсақ, пандемияға байланысты жұмыс берушілер тарапынан қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлеріне сұраныс артты. Мысалы, егер 2019 жылы қашықтан жұмыс кестесі бар азаматтардың бос жұмыс орындарына орналасуы 1 проценттен аспаса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 2 процентке дейін, кейде тіпті 3 процентке өскен. Егер қазір Қазақстанда еңбек нарығындағы жағдай қандай екенін қарайтын болсақ, ақпан айының соңында қашықтан жұмыс істейтіндерге сұраныс 2 процент. Бұл жұмыс берушілер тарапынан сақталып отыр. Яғни, біз қазір жұмыс берушілер тарапынан қызығушылық төмендейді деп айта алмаймыз, көрсеткіш сол 2020 жылмен бірдей.
Өз кезегінде жұмыс іздеушілер әлеуметтік сауалнамаға сәйкес, үйден шықпай-ақ еңбек етуге қарсы емес. Көбі тіпті кеңсеге баруды қажет етпейтін мамандықтар бойынша қайта оқудан өтуде. Онлайн форматтағы жұмыс уақытты үнемдеуге мүмкіндік беріп, сонымен қатар үйден тыс тағам ішу мен қосымша кеңсе киімдеріне шығындарды қажет етпейді.
Рекрутингтік агенттіктердің талдауы бойынша, жұмыс іздеушілер есеп, сату, өндіріс, құрылыс, өнер, ойын-сауық, бұқаралық ақпарат құралдары және өзге де осы сияқты кәсіби салаларда қашықтан жұмыс істегенді жөн көреді.
ДАНА ҚАСЫМОВА, HEADHUNTER ҚАЗАҚСТАННЫҢ PR МЕНЕДЖЕРІ:
- Егер 2019 жылы қашықтан жұмыс істеушілердің түйіндеме үлесі 6 процент болса, 2020 жылы ол 8 процентке дейін өсті. Ал ақпан айының соңында бұл көрсеткіш 10 процентке жетіп отыр.