Қазақстан Ауғанстанға ұн мен бидай тасымалын қайта жандандырды

Қазақстан Ауғанстанға ұн мен бидай тасымалын қайта жандандырды

Қазақстан Ауғанстанға ұн мен астық жеткізуді қайта жандандырды. Бұл туралы еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады. Бүгінгі күні 200 мың тоннаға жуық ұн мен 33 мың тонна бидай жөнелтілді.

Айта кетейік, отандық және ауғандық бизнес серіктестер бұрыннан іскерлік байланыс орнатқан. Алайда Ауғанстандағы соңғы саяси оқиғаларға байланысты өнімдерді тасымалдау тоқтатылды. Аталған мемлекет – бұрыннан осы тауарлардың негізгі экспорттық нарығы және Қазақстанның стратегиялық серіктесі.