2020 жылы Индустрияландыру картасы аясында 201 жоба іске қосылды

Қазақстанда өңірлердің кәсіпкерлігін қолдау картасы аясында 2020 жылдың қорытындысы бойынша 200-ден аса жоба жүзеге асырылды. Оларды іске асыруға шамамен 917 миллиард теңге бөлінген. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлайды.

Мәліметке сәйкес, агроөнеркәсіптік кешенде құрылыс индустриясында және құрылыс материалдары өндірісі, энергетика, тамақ өнеркәсібі, тау-кен өнеркәсібі, химия, мұнай-химия және ағаш өңдеу өнеркәсібі, металлургия, машина жасау, фармацевтика және экономиканың басқа салаларында кәсіпорындар іске қосылды. Маңызды жобалардың қатарында көлік құралдары зауыты, техникалық газдар өндірісі, көлемді-блоктық үй құрылысы зауыты, сондай-ақ майлы дақылдарды өңдеу кәсіпорны бар.

Авторы: Әсел Күшенғалиева