Электрондық коммерция алыптары құлдырады

Электрондық коммерция алыптары құлдырады

Жаһанды жаулаған Қытайдың әйгілі Тemu және Pinduoduo маркетплейстерінің акциялары бірден 11% төмендеді. Бұл сатылым мен түсімнің аздығына байланысты болып отыр. Жыл басынан бері компанияның құнды қағаздары едәуір құлдыраған. Бұған Қытай нарығындағы экономикалық тұрақсыздық әсер етті. Себебі, бәсекелестік артып, Қытай халқы тапқан табысын үнемдей бастаған. Үшінші тоқсанда Pinduoduo кірісі 99 миллиард юаньнан сәл асқан. Жоспар бойынша 103 млрдқа жуық қаржы түсуі тиіс еді. Холдингтің әлемдік нарықтағы саудасы да бәсеңдеді. Қазір бірнеше мемлекет Temu маркетплейсін тексеріп жатыр. Вьетнамдықтар қосымшаға қосылу үшін тіркеу сұраса, Еуроодақ тауарлардың заңдылығын тексеруге көшкен.