Қазақстанда астық түсімі соңғы 10 жылда болмаған рекордтық көрсеткішке жетті
Бұл туралы Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді.
Нақтыласақ, күзгі жиын терінде 23 млн-ға жуық дәнді және бұршақты дақылдар жиналды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 27%-ға көп. Бір ғана бидайдың жалпы түсімі 30%-ға өскен. Ауылшаруашылығы саласындағы өнімділіктің артуына қаржылай қолдау демеу болды, дейді Роман Скляр. 2022 жылы егін егу және жинау жұмыстарына 220 млрд. теңге бөлінді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен екі есе көп. Жыл басынан бері агроөнеркәсіп кешенінде құны 132 млрд болатын 180 инвестициялық жоба іске қосылды. Желтоқсанның соңына дейін олардың саны 237 млрд теңгеге дейін ұлғайтылмақ. Сондай-ақ Президенттің тапсырмасы бойынша пайдаланылмайтын 5 млн га жер мемлекет меншігіне өтті. Келесі жылы осынша жер көлемі мемлекетке қайтарылады, дейді Роман Скляр.