Қазақстанның мұнай сервистік компаниялары шетел нарығына шығуды жоспарлауда
Қазақстанның мұнай сервистік компаниялары Әзербайжан мен Ресейдің нарығына шығуды жоспарлауда. Қазақстанның мұнай сервистік компаниялары шетел нарығына шығуды жоспарлап отыр. Бірінші кезекте, Ресей мен Әзербайжан мемлекеттерінде серіктестік қарым-қатынас орнату жоспары бар.
Бұл туралы мұнай сервистік саланы дамыту мәселелеріне арналған брифинг барысында Қазақстанның мұнай сервистік компаниялар одағының төрағасы Рашид Жақсылықов хабарлады. Оның айтуынша, осы мақсатта қазір Ресей мен Әзербайжан өкілдерімен келіссөздер жүргізілуде. Сондай-ақ спикер қазірдің өзінде шетелде 10 мыңға жуық қазақстандық маман еңбек ететінін атап өтті.
Рашид Жақсылықов, «Kazservice» мұнай сервистік компаниялар одағының төралқа төрағасы:
- Ресейлік өндіруші компаниялар тарапынан қазақстандық білікті кадрларға үлкен сұраныс бар. Шетелдік келісімшарттар біздің қазақстандықтарға қарағанда қымбатырақ. Өзіміз сырт нарықтарға Қазақстанда бар инвесторлар арқылы шығып, экспортты жолға қоюға тырысамыз. Бүгінгі таңда қазақстандық 10 мың азамат шетелдік жобаларда еңбек етуде.
Мамандардың айтуынша, қазір Ресейден келген төрт ірі тапсырыс беруші компаниямен келіссөздер жүргізілуде. Біздің ел бірқатар қазақстандық мұнай сервистік компаниясы қатыса алатын бес басымдықты жобаға қызығушылық танытып отыр.
Авторы: Ақзер Сегізбай