Қазақстан экономикасына арналған қосымша жоспар әзірленді
«Б жоспары» бар. Қазақстан Үкіметі коронавирус пандемиясы ұзаққа созылған жағдайда іске қосылатын қосымша жоспар әзірледі. Құжат халық пен бизнеске қажетті қолдау көрсетіп, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етеді.
ӘСЕТ ЕРҒАЛИЕВ, ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:
- Үкімет, Ұлттық банк және Қаржы нарығын дамыту агенттігі әлеуметтік экономикалық ахуал нашарлаған жағдайға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірледі. Егер триггерлер жұмыс істесе, жоспар күшіне енеді.
Әсет Ерғалиев триггерлердің арасында коронавирус таралуы және мұнай бағасының жоғары құбылмалығы, басқа да сыртқы факторлар бар екенін атап өтті. Алайда министр қаржыландыру көзі мен сомасы жайлы нақты мәлімет берген жоқ.