2022 жылы Теңіз кенішінде 29 миллион тоннадан астам мұнай өндірілді

2022 жылы Теңіз кенішінде 29 миллион тоннадан астам мұнай өндірілді

Бұл республикадағы шикі «қара» алтынның жалпы көлемінің шамамен 1/3 бөлігін құрайды. Бұл туралы елдегі ең ірі мұнай өндіруші кәсіпорын хабарлады. Компанияның мәліметінше, 2022 жылы өндіріс көрсеткіштері 2021 жылмен салыстырғанда 10%-ке өсті. Еске салайық, ОПЕК соңғы есебінде елімізге қатысты болжамын ұсынған еді. Онда 2023 жылы Қазақстан мұнай мен газ конденсатын тәулігіне 160 мың өндіретіні туралы айтылған. Бұл Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ өндірісінің өсуі есебінен жүзеге аспақ.