3 мың ашық вагон сатып алынады
Елде 300-ден аса жеке операторға тиесілі 139 мың жүк вагоны тіркелген. Соның 38 мыңы Қазақстан теміржолының меншігінде. Бұлар әлеуметтік маңызда, яғни, энергетикалық тасымалға және халыққа көмір жеткізуге пайдаланылады. Ұлттық компания екі жылға дейін қосымша 3 мың ашық вагон сатып алуды жоспарлаған. 800-і қазір қолданыста. Сондай-ақ, жолаушылар вагондары да көбейтіледі. Былтыр 118-і алынса, биыл 143 вагон жеткізілмек. Жалпы 2029 жылға дейін 1 мың 200-дей жолаушылар вагоны жаңартылады. Осылайша ұзын саны 3 мыңнан асып, парктың тозу деңгейі 38 пайызға төмендемек.

