Қаржылық барлаудың тиімді тетіктері енгізіледі

Қаржылық барлаудың тиімді тетіктері енгізіледі

Қазақстанға активтерді қайтару мен қаржылық барлаудың тиімді тетіктері енгізілмек. Бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов «Эгмонт» халықаралық тобының өкілдерімен кездесті. Бұл ұйымға мүше болу арқылы Қазақстан заңсыз шығарылған қаржыны елге қайтару ісін жеделдетіп, күмәнді ақша айналымын тез анықтай алады. Яғни, ұрланған қаражат бюджетке түсіп, халықтың қажетіне жұмсалмақ. Айта кетейік, «Эгмонт» тобы бүгінде 182 елді біріктіретін ірі алаң және Қазақстан 2023 жылдан бері осы ұйымның өңірлік өкілі ретінде жұмыс істеп келеді.