Отандық өндірісті дамыту - басты міндет
Қашағанда жылына 1 млрд текше метр газ өңдейтін алып зауыт салынып жатыр. Бүгін оның құрылысымен
Премьер-министр Олжас Бектенов танысты. Әзірге жұмыстың 11 пайызы ғана бітіп
тұр. Үкімет басшысы кәсіпорын құрылысының қарқынын жеделдетіп, 2026 жылға дейін
аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ, Премьер-Министр полипропилен өндіретін зауытта
болды. Интеграцияланған кешен – жылына 500 мың тонна өнім шығара алатын елдегі
бірегей кәсіпорын. Зауытта шикізат терең өңдеуден өтеді. Құрылыс, медицина,
автомобиль жасау, азық-түлік және тоқыма өнеркәсібі салаларында таптырмайтын 10
полипропилен маркасы шығарылады. Ішкі нарық түгел қамтылмақ. Отандық
тауарлардың бағасы да екі арзан болады.

