Рекорд: ІТ-қызметінен түскен табыс - 3 трлн теңге
Қазақстанның ІТ-қызмет көрсетуден түскен табысы 3 трлн теңгеге жетті. Бұл өткен жылдан 1,7 есе көп. FinProm талдауына қарағанда, сұраныс әсіресе ішкі нарықта жоғары. Тапсырыстың 87 пайызы, яғни 2,5 трлн теңгесі қазақ кәсіпкерлерінен болған. Демек, шетелдік мамандар өзіміздікінен мықты деген стереотип жойылып барады. Керісінше, қазір қазақ мамандарының еңбегі экспортталып жатыр. Мәселен, былтыр алматылық ІТ компанияның бірі сырттан 1,8 трлн теңгеге тапсырыс алыпты. Енді қандай ІТ-қызметтерге көп өтініш түседі дегенге келсек: мұнда деректерді өңдеуге сұраныс жоғары. Одан кейін тестілеу кодтарын дайындау, программалық жасақтау және ақпараттық қауіпсіздік қызметі көп тұтынылады. Сәйкесінше, Big Data-ны тұтынуда өскен. Бұған дейін Үкімет басшысы Қазақстан жасандық интеллект хабына айналып, оған NVIDIA компаниясы серіктес болатын айтқан еді.

