«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда жеңілділген несиемен тұрғын үй сатып алуға өтінім қабылдау басталды. «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша ипотека 10 проценттік бастапқы жарнамен және жылдық 2%-тік мөлшерлемемен 20 жыл мерзімге беріледі. Тұрғын үй несиесі көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі баласы бар және толық емес отбасыларға арналған. Бағдарлама шартына сәйкес, олар бастапқы және екінші нарықтағы пәтерді, сондай-ақ жеке үй де сатып ала алады. Несиенің ең жоғары сомасы - 15 млн теңгеге дейінгі үйлер елорда мен Алматы қалаларында және олардың маңындағы аудандарда, сондай-ақ Шымкент, Ақтау және Атырауда беріледі. Басқа өңірлерде несие сомасы 10 миллионнан аспайды.