«Ауыл аманаты» бағдарламасына 100 млрд теңге бөлінді
Биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасын жалғастыруға 100 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Қаражаттың шамамен 60 млрд теңгесі 600-ге жуық кооперативті қолдауға бағытталмақ. Мәселен, Ақмола облысының Ерейментау ауданында ет кластерін құру жобасын іске қосу жоспарланып отыр. Жоба өңір үшін аса маңызды. Осыған байланысты Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев оның экономикалық және ұйымдастырушылық параметрлерін қосымша пысықтауды тапсырды. Сонымен қатар, Ұлттық экономика министрлігіне әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қызметін қайта үйлестіру жөнінде ұсыныстар дайындауды, «Ауыл кәсіпкерлігі инфрақұрылымы» бағытын өңірлік стандарттар жүйесіне енгізуді міндеттеді. Енді «Ауыл аманаты» жобасы аясында кепілдік беру тетіктері әзірленеді. Және нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізіледі. Облыс әкімдері екі апта ішінде «Amanat Nesie» ақпараттық жүйесіне толық қосылуы тиіс.

