Онлайн-саудаға 3,7 трлн теңге жұмсалған

Онлайн-саудаға 3,7 трлн теңге жұмсалған

Былтыр отандастарымыз 3,7 трлн теңгеге интернеттен сауда жасаған. Көбі маркетплейстерден ұялы телефон түрлі гаджеттер сатып алған. Оған 553 млрд теңгедей жұмсаған. Содан кейін сұранасқа ие киім мен спорт заттары, үй мен саяжайға керек дүниелер, Маркетплейстер тек зат емес, онлайн қызметтен де қыруар пайда тауыпты. Әсіресе такси мен жолаушы тасымалы және билет брондау алда тұр. Үшінші орында — жарнама қызметі 119,3 млрд табыс тапқан. Айта кетейік, нарықтың осындай қарқынды өсуіне байланысты билік жақында маркетплейстердің жұмысына жаңа талаптар енгізуді жоспарлап отыр.