Қазақстанның негізгі капиталына салынған инвестиция шамамен 12,5%-ке өсті

Қазақстанның негізгі капиталына салынған инвестиция шамамен 12,5%-ке өсті

Жыл басынан бері Қазақстанның негізгі капиталына салынған инвестиция шамамен 12,5%-ке өсті. Ақшалай көлемде 7 айда ол 8 трлн теңгеден сәл  асты. Мұндай мәліметтерді Ұлттық статистика бюросы жариялады. Қаражаттың басым бөлігі шамамен 4 трлнөнеркәсіп, 1,5 трлнжылжымайтын мүлік операцияларына, 966 жарым миллиард теңгеден астамы көлік пен қоймаға тиесілі. Бұл ретте негізгі қаражат шағын кәсіпорындарға салынды. Өңірлер арасында ең жоғарғы өсім Абай, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Павлодар және Қызылорда облыстарында байқалды. Ал ең аз көрсеткіш Атырау, Жетісу, Солтүстік Қазақстан, Алматы және Ұлытау облыстарында.