Мемлекеттік сатып алу процестері жеңілдейді — Үкімет

Мемлекеттік сатып алу процестері жеңілдейді — Үкімет

Қазақстанда мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың сатып алуларында  отандық тауарлардың үлесін арттырып, ондағы процестерді түбегейлі жеңілдету және жеделдету қажет. Ол үшін елдегі жаңа өндірістерді қолдауға да қатысты ынталандыру тетіктерін әзірлеу маңызды. Премьер-Министр Олжас Бектенов Үкіметке осыны жүктеді.

Бұл мақсатта мемлекеттік органдарға келесідей жұмыстарды жүргізу қажеттігін ерекше атап өтті:

Ең алдымен қысқа мерзімде сарапшылар және бизнес-қоғамдастықпен бірге қажетті шараларды пысықтап, оларды Парламент қарауындағы заңнамалық түзетулерге енгізуді тапсырды;

Үкімет басшысы бұл жағдайды түбегейлі өзгертуді талап етті;

Сонымен қатар жиында QazTech мемлекеттік басқарудың бірыңғай цифрлық платформасын іске қосу және тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері қаралды.