4 айдағы көрсеткіш: ЖІӨ 3,6%-ды құрады

4 айдағы көрсеткіш: ЖІӨ 3,6%-ды құрады

Соңғы төрт айда елдегі жалпы ішкі өнім көлемі 3,6%-ды құрады. Бұл бірінші тоқсанның қорытындысымен салыстырғанда айтарлықтай жақсы көрсеткіш. Әсіресе, өңдеу өнеркәсібі қарқынды. Өсім – 9,9%-ға тең. Жеңіл көлік, ауыл шаруашылығы және теміржол техникасын, электр тауарлар мен оларға қажетті жабдықтарды шығару көлемі де артқан. Сондай-ақ, Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жеңіл өнеркәсіп өнімдері 2,3 есе, жиһаз өндірісі 41,7%-ға, фармацевтикалық өнімдер 35,2%-ға, құрылыс материалдары 27,7%-ға, химия өнеркәсібі 18,4%-ға, тамақ өнімдері 14,4%-ға артқан. Әсіресе, құрылыс, көлік, өңдеу өнеркәсібі, сауда мен агро секторда ілгерілеу бар. Былтырғы жылғы экономикалық өсім 6,5%-ды құраған болатын.