Жеңілдетілген автонесие алу үшін екі мыңнан астам адам өтініш берді

Жеңілдетілген автонесие рәсімдеу үшін 2 мыңнан астам қазақстандық өтініш берді. Бұл жөнінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Олжас Сапарбеков мәлімдеді. Кешеден 2 банк өтініштерді қабылдауды бастады. Оның сөзінше, бағдарламаны жүзеге асырып, халық сұранысын қанағаттандыру үшін көлік қоры жеткілікті. Бүгінге дейін орта есеппен айына жеті мың көлік құралын шығаратын өндірушілер алдағы маусымнан бұл көрсеткішті тоғыз мыңға дейін жеткізбек. Осылайша, жыл соңына дейін жүз тоғыз мың отандық темір тұлпар құрастырылмақ.  

Олжас Сапарбеков, ҚР ИИДМ индустриялық Даму Комитеті Төрағасының орынбасары:

– Өндірушілер қазір 6 мыңға тарта көлікті сатылымға шығарды.  Олардің бір бөлігі бойынша кеше адамдар өз шоттарын алып үлгерді.  Орта есеппен екі банкке 2200-ден астам өтініш қабылданып, қазір олар қаралу үстінде. Қалған банктер бойынша, кеше әріптестер айтқандай, корпоративтік процедуралар аяқталуда. Жақын арада бұл үрдістер аяқталған оларда бұл бағдарламаны жүзеге асыруға кіріседі.