Теңге нығайды

Теңге нығайды

Теңге нығайып жатыр. Қазақстан қор биржасындағы орташа бағам 473 теңге 95 тиынға теңесті. Жұма күнгі деректермен салыстырғанда төл валютамыз долларға шаққанда 3 теңгеге күшейген. Қаржы сарапшысы Андрей Чеботарёв мұны салық апталығымен байланыстырады. Сарапшы мұнай арзандауы, доллар индексінің өсуі секілді теріс сыртқы факторлар болғанымен,  бұл қысымдар теңгеге әсер етпейтінін жеткізді. Оның айтуынша, доллар валютасы бағамының алдын ала әлсіреуі сыртқы күйзелістердің салдарын білдіртпеу мақсатында қолға алынған. Бұл болжамда ағымдағы жылдың бюджет параметрлері ескерілген. Түзетуден кейін есеп айырысу бағамы бір доллар үшін 460 теңге деңгейінде белгіленді. Чеботарёвтің пікірінше, жаңа сыртқы толқулар болмаса, ұлттық валюта осы аралықта тұрақтап қалуы әбден мүмкін.