2025 жылы мемлекеттің экономикадағы үлесі 14% дейін азаяды

Бұған 2021-2025 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспары ықпал етпек. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстанда нысандарды  жекешелендіру процесі барынша ашық болуы қажет. Ал оны жүзеге асыру мемлекеттік органдардың басшыларының қатаң бақылауында болады. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, халықтың тұрмыс тіршілігін қамтамасыз етуге жауапты 200-ден астам әлеуметтік маңызы бар нысан жекешелендіру тізімінен алып тасталған. Олар мемлекет меншігінде қала береді деді министр. Аталған нысандарды инвесторларға тапсыру мәселесі алдағы уақытта қайта қаралуы да мүмкін. Дегенмен инвесторлар жекешелендіру бойынша мемлекет тарапынан қойлатын шарттармен келісуі керек. Айта кетейік, кешенді жоспарға сәйкес барлығы 675 нысан сатылымға шығарылады. Оның әрқайсы бойынша Жол картасы әзірленді. Олар мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында орналастырылған.